Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев жансақтау бөліміне түсті

Жағдайы өте нашар. Анализ инфекция көрсетіп тұр дейді


13/01/2023
10:27 22639 0

Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев жансақтау бөліміне түсті. Бұл жөнінде анасы Ақлима Мұқашеваға сілтеме жасап «Азаттық» радиосы хабарлады.

 

Мұқашеваның сөзінше, ұлы қазір Алматы облысы Жамбыл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Бір күн бұрын Беріктің температурасы көтеріліп, селкілдей бастаған. Осыдан кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. 

 

– Жағдайы өте нашар. Анализ инфекция көрсетіп тұр дейді. Көзін ашқан, бірақ әзірге сөйлей алмайды. Зондпен тамақ беріп жатыр, – деді Ақлима Мұқашева. 

 

Анасының айтуынша, алдыңгүні Берік Әбішев МРТ-ға түсіп, түрлі тексеруден өткен. Денсаулығы нашарлауына сол әсер еткен болуы мүмкін.

– Алдыңгүні SEMA-ға (аурухана аты) барып келген. МРТ, өзге де тексерулерден өткен. МРТ-да жалаңаш түсіреді ғой. Бір сағаттай аппараттың астында жатса керек. Оның үстіне күн суық болды. Азанғы 9 жарымнан кеткеннен кешкі бесте келді. Кешке жақын барлық жерім ауырып тұр деді. Дәрі-дәрмек бердік. Ертесінде температурасы көтерілді. Дәрі бердік. Алматыға хабарласып едім, олар "парацетамол беріңіз, тұмау тиіп қалған ғой" деді. Cодан кеше дәрі бердік. Түс ауа төрттен кейін қалшылдай басталды. Температуасы қатты көтеріліп кетсе керек. Ауылдық дәрігерді шақырып, олар келіп, уколдарын салды. Ұзынағаштан жедел жәрдем көлігін шақырттық, – деді Ақлима Мұқашева.

Бір жылдың ішінде басына бес рет ота жасатқан белсенді жуырда тілге келіп, сөйлей бастаған. 40 жастағы белсенді Қаңтарға дейін де бейбіт шерулерге қатысып, пікірін ашық айтып жүрген.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

13/01/2023 10:27
22639 0

Уведомление